Бүгін: 27.11.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

Көкшетау қаласы                                                         «19» тамыз 2026 жыл

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 116-тармағын орындау мақсатында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Әдебиет және өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдау келесі бағыт бойынша жүргізілді: Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Зерттелген кезеңде Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша төмендегі мәселелер қарастырылды.

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысымдылығы

Есепті кезеңде (01.01.2025 ж. мен 31.12.2025 ж. аралығы) Мекемеде 4 қызметкермен еңбек шарты бұзылып, 4 қызметкер жұмысқа қабылданды. Қызметкерлердің жұмыстан босатылуының негізгі себептері тараптардың келісімі бойынша және қызметкердің өз бастамасымен жұмыстан шығуы болып табылады.

Теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ, сондай-ақ Мекеме қызметкерлерінің қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны тіркелмеген.

Мекемеде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа сәйкес қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ Мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Лауазымдық нұсқаулықтарды талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар анықталып, олардың тізбесі қалыптастырылды (тізбе мекеменің сайтында орналастырылған):

https://oner-muzey.kz/ru/kartogramma-korruptsii/329-dolzhnosti-podverzhennye-korruptsionnym-riskam.html

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік сатып алу және өзге де қызмет

Жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, туған және өгей аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.

Мүдделер қақтығысының алдын алудың негізгі шаралары: -қызметкерлердің заңнамада, Мекеме Жарғысында, ішкі нормативтік актілерде және лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген міндеттерді қатаң сақтауы; -барлық қызметкерлердің ашық, уақтылы және мүдделер қақтығысынан тәуелсіз шешімдер қабылдауы.

Мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу мақсатында Мекеменің кез келген деңгейдегі қызметкері:

  • Өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды иеленбеуге;
  • Қызметтік жағдайымен немесе лауазымдық міндеттерін орындау барысында алған ақпаратпен байланысты мүмкіндіктерді жеке мүддесіне немесе жеке пайда табу үшін пайдаланбауға;
  • Өзімен, өзінің жақын туыстарымен немесе олармен байланысты ұйымдармен Мекеме арасындағы қатынастар бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға тікелей қатыспауға;
  • Мүдделер қақтығысына алып келуі мүмкін қызметке қатыспауға;
  • Мекемеге қатысты мәмілелерге, шарттарға, жобаларға немесе басқа мәселелерге байланысты кез келген коммерциялық немесе өзге де мүдделілігі (тікелей немесе жанама) туралы Мекеменің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен дереу хабарлауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қақтығысқа қатысушы тараптардың заңды мүдделерін ескере отырып, мүдделер қақтығысын шешуге күш салуға міндетті.

Мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымдары түскен жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қызметкерлерге қатысты теріс мәліметтер анықталған жоқ.

Мекеме мемлекеттік қызметтер көрсетпейді. Музейге келушілер мен қала тұрғындары үшін кіру тегін болғандықтан, бұл бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2025 жылдың 12 айына арналған сатып алу жоспарына сәйкес Мекеме 86 сатып алу рәсімін өткізді, оның ішінде: ашық конкурс арқылы – 1 сатып алу; баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 39 сатып алу; өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен – 16 сатып алу; тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен – 30 сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі, оның ішінде бұрын анықталған тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу бөлігіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі мекеменің сайтында орналастырылған:

https://oner-muzey.kz/ru/kartogramma-korruptsii/330-perechen-korruptsionnykh-riskov.html

Сонымен қатар, аталған бағыт бойынша оң динамика байқалмайды.

Бір көзден сатып алулардың негізгі бөлігі табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін (байланыс қызметтері, электр энергиясымен, жылумен және сумен жабдықтау қызметтері), мекеменің автокөліктерін жөндеу қызметтерін, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және қызмет көрсету қызметтерін, мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу қызметтерін, сондай-ақ ғимарат пен ұйымдастыру техникасына қызмет көрсетуге қажетті өзге де қызметтерді сатып алу қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылды.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар

Мекеме қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша:

  1. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден жүзеге асырылатын сатып алулар санын азайту;
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтай отырып, Мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстарын жалғастыру;
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін Мекеменің интернет-ресурсында орналастыру ұсынылады.

 

 

 

Директор                                                                   Н.Ж. Нұралы

 

 

Заң кеңесшісі                                                              Ж.А. Садуев