Бүгін: 10.02.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

     2025 жылдың 22 қаңтарында Әдебиет және өнер музейінде жазушы, кинодраматург Сайын Мұратбековтың 90 жылдығына арналған «Сайын дала Сайыны» атты әдеби кеш болып өтті.

     2025 жылдың 24 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінде мәдениет саласының ардагері, тіл жанашыры Қаратай Төлекеевпен «Тіл, тәрбие, тағлым» деп аталатын кездесу кеш болып өтті.

     2025 жылдың 11 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінде суретші, монументалист Қанапия Оспановтың «Өзім туралы...» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

     Қанапия Оспанұлы 1941 жылы Көкшетау облысының Зеренді ауданында дүниеге келген. Мәскеу технология институтын үздік бітіріп, көркемсурет өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан суретші. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Қазақстан Суретшілері одағының мүшесі.

      2025 жылдың 18 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінде журналист, әнші-сазгер, өнертанушы, ұстаз Кәрім Ілиястегінің өмірі мен шығармашылығына арналған "Көкшесін асқақтатқан Кәрім еді..." атты кітаптың тұсаукесері өтті.  Музейдің жинақтау жұмыстары нәтижесінде жарық көрген кітапта Кәрім Есмағұлұлының әр жылдары баспа беттерінде жарық көрген мақалалары мен көркем туындылары, ән мәтіндері мен ноталары басылған. Сонымен қатар, өнерпаздың шығармашылығы мен өмір жолына, азаматтық тұлғасына арналған естелік мақалар, очерктер жинақталды.  

     Өтінім берген оқушылардың ішінен қазылар алқасы сегіз үміткерді ғана іріктеп алды. Жарыстың негізгі кезеңіне шыққан сегіз бүлдіршін өнері мен білімін ортаға салып, көпшілік көрерменді тәнті етті. Тіл тазалығын сақтаған, дауыс ырғағын дұрыс қойған, әртістік қабілетін көрсете білген сайыскерлер жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтады.