Бүгін: 27.11.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

     2026 жылғы 21 шілдеде Әдебиет және өнер музейінде суретші Владимир Быстрицкийдің «Сарыарқа» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

     Көрменің мақсаты – суретшінің шығармашылығын қалың жұртшылыққа таныстыру және насихаттау, өнер иесінің еңбек жолын жас ұрпаққа үлгі ету, көркемсурет өнеріне қызығушылықты арттыру, көпшілікті шығармашылыққа баулу, бос уақытты тиімді пайдалануға бағыттау, халықты мәдени ошақтарға тарта отырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру, сондай-ақ музей ісінің дамуына және оның танымалдылығының артуына ықпал ету.

     Көрменің ашылу рәсімінде Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Айгүл Сәбитова құттықтау сөз сөйлеп, суретшіге шығармашылық шалқар шабыт тіледі.

    Көменің беташар сөзін Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Айгүл Сәбитова сөйлеп, өнер иесіне шығармашылық шалқар шабыт тіледі. Сондай-ақ, көрменің ашылуы барысында сөз алған ҚР Суретшілер одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, суретші-мүсінші Юрий Попов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Дужан Мағзумов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Маранбек Бұрмағанов, ұстаз, жазушы Әлия Ахметова, қоғам қайраткері, өнертаушы Ғалым Бекмағамбетов суретшінің шығармашылығы турасында толымды пікір айтып, өнер иесіне шығармашылық табыс тіледі. 

     Көрменің соңында Владимир Быстрицкий музей қызметкерлеріне алғысын білдіріп, көпшілікті бос уақыттарын тиімді әрі мазмұнды өткізуге шақырды. Түрлі тақырыпта жазылған туындыларды тамашалаған көрермендер көрмеден ерекше әсер алып, ризашылық көңілмен тарқасты.