2026 жылдың 22 қазанында Әдебиет және өнер музейінде, Республика күні мерекесіне орай Ақмола облысы суретшілерінің «ART AQMOLA: ҚЫЛҚАЛАМ ЖӘНЕ БОЛМЫС» атты ұжымдық көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрмеге ҚР Суретшілер одағының мүшесі болып табылатын он екі суретшінің түрлі техникамен салынған отыздан астам туындысы қойылған. Көрменің мақсаты: Республика күнін лайықты атап өту, Ақмола облысы суретшілерінің шығармашылығын насихаттау, ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны бейнелеу өнері арқылы дәріптеу, суретшілердің кәсіби шығармашылық байланысын нығайту еді.
2026 жылдың 16 қазаны күні жазушы, журналист Мәди Хасеновтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерейтойлық іс-шаралар кешені Әдебиет және өнер музейінде өз жалғасын тапты.
2026 жылғы 24-ші қыркүйегінде Әдебиет және өнер музейінде қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына орай «Дауылпаз ақын – Қасым» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
2026 жылдың 16 қыркүйегінде Әдебиет және өнер музейінде Бурабай ауданы суретшілерінің "ART BURABAY: шабыт кеңістігі" атты ұжымдық көрменің ашылуы болып өтті.
2026 жылғы 11 қыркүйекте Әдебиет және өнер музейінде Тілдер күніне орай студенттер арасында «Ана тілің – арың бұл» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Кештің негізгі мақсаты – ана тілінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, қазақ тілінің қадір-қасиетін дәріптеу және жас ұрпақты тілін құрметтеуге баулу.
2026 жылдың 28 шілдесі күні Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейінде қазақ халқының ұлттық саз аспаптарына арналған «Ұлы Дала әуендері» атты көрме-дәрісі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыка мәдениетін насихаттау, ұлттық саз аспаптарының тарихы мен ерекшеліктерін таныстыру және келушілердің рухани-мәдени танымын кеңейту болып табылды.
