2025 жылдың 25 қыркүйек күні Әдебиет және өнер музейінде көрнекті ақын, Мемлекеттің сыйлықтың иегері Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жыр жұлдызы – Жұмекен» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
2015 жылдың 18 қыркүйегі күні Әдебиет және өнер музейінде Балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы, суретші Дамир Магзумовтың "СИНИМ по БЕЛОМУ" атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрменің мақсаты суретшінің шығармашылығын халық назарына ұсыну, насихаттау; өнер адамының еңбек жолын жас буынға үлгі ету, көркемсуретке қызықтыру болып табылды.
2025 жылдың 11 қыркүйегі күні Әдебиет және өнер музейінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Қанекей, тілім, сөйлеші!" атты жұмбақ және жаңылтпаш айтушылар байқау болып өтті. Байқаудың мақсаты Қазақстан халқы тілдері күнін жоғары деңгейде атып өту, қазақ халқының ауыз әдебиет мұраларын насихаттау, жастарды мәдение ошақтарға тартуы болып табылды.
2025 жылы ҚР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толды. Осы мерейтойды атап өту аясында Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейінде заң саласының құрметті қызметкері Мейрам Ғибадиловпен «Өмірінің өзі өнеге» атты кездесу болып өтті.
Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — Абай мұрасын дәріптеу, ұлттық руханият пен поэзияны насихаттау, жас қаламгерлерге қолдау көрсету.
2025 жылдың 6 тамызы күні Әдебиет және өнер музейінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай "Дүниені оймен шолған хәкім Абай" атты дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Phd, ақын, жазушы Ерболат Баят, әдебиеттанушы, ф.ғ.к Сәбит Жәмбек және музей қызметкерлері қатысты.
