2025 жылдың 25 қыркүйек күні Әдебиет және өнер музейінде көрнекті ақын, Мемлекеттің сыйлықтың иегері Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жыр жұлдызы – Жұмекен» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Іс-шараға музей қызметкерлері және Ш.Уәдиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің студенттері қатысты. Сондай-ақ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, ф.ғ.к, әдебиеттанушы Сәбит Жәмбек спикер ретінде шақырылып, қатысушыларға ақынның өмірі, шығармашылығы туралы деректер айтып, әңгіме өрбітті.
Қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегі, төгіліп түскен мол жырымен орын алған, солай поэзиямызды бір белеске көтеріп кеткен Жұмекеннің мұрасы, еңбегі бүгінгі буынның айналып өте алмайтын, құнарына қануға тиісті байлығына айналып отыр.





