Бүгін: 31.08.2025
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

      2025 жылы ҚР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толды. Осы мерейтойды атап өту аясында Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейінде заң саласының құрметті қызметкері Мейрам Ғибадиловпен «Өмірінің өзі өнеге» атты кездесу болып өтті.

     Мейрам Мырзахметұлы сот жүйесінде жарты ғасыр қызмет атқарып, қазір сот саласы ардагерлерінің кеңесін басқарады. Свердлов заң институтын бітіріп, өзінің саналы ғұмырын заң мен тәртіптің үстемдік құруына арнады. Кездесу кеште Мейрам Мырзахметұлы Тәуелсіз Қазақстанның заң саласының қалыптасуы мен, сот жүйесінің дамуы жайлы әсерлі әңгіме айтып, жиылған көпшілікті Конституция күнімен құттықтады.

     Тағылымды кештен тәрбиелі ой түйген қауым кездесу кейіпкеріне алғыс білдіріп, зор денсаулық, толайым табыс тіледі.