2023 жылдың 28 наурызы күні Әдебиет және өнер музейінде ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Моңғолия және Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Құрмет Сақаймен кездесу болып өтті.
2023 жылдың 20 наурызы күні Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейiнде әз-Наурыз мерекесi қарсаңында, Көкшетау қаласыдағы ЖОО мен арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындары студенттерi арасында "Наурыз нақыштары" атты жас суретшiлер байқауының қорытындысы болып өттi. Биыл бұл сайысқа мектеп оқушылары да қатысқанын айта кетейік.
2023 жылдың 16 наурызы күні Әдебиет және өнер музейінде ұстаз, қолөнер шебері Райхан Омарованың шығармашылық көрмесі мен шеберлік сабағы болып өтті.
Райхан Закриянқызы мен шәкірттері көпшілікті қолөнер бұйымдарының жасалу тәсілдері және техникасымен таныстырды.
Көрмеге өнер иесінің жиырмаға тарта туындылары қойылды.
2023 жылдың 15 наурызы күні Әдебиет және өнер музейінде ұстаз, журналист, әнші-сазгер Кәрім Ілиястегінің туғанына 95 жыл толуына орай "Арқаның арқалы әншісі" атты еске алу кеші болып өтті.
Іс-шараның мақсаты әнші-композитор, ақын, журналист Кәрім Ілиясовтың 95 жылдық мерейтойын ылайықты деңгейде атап өту, еске алу, өнер адамның өмірі мен туындыларын облыс жұршылығы жүрегінде жаңғырта отырып, көпшіліктің Кәрім шығармашылығына деген қызығушылығын ояту болып табылды.
2023 жылдың 6 наурызында Әдебиет және өнер музейінде «Көктем шуағы» көрмесінің ашылуы болып өтті. Бұл іс-шара Халықаралық әйелдер күні мерекесін тойлау аясында ұйымдастырылған болатын.
Көрмеге Көкшетау қаласындағы балар көркемсурет мектебі нәзік жанды ұстаздарының еңбектері қойылды. Юлия Желобкова, Татьяна Соловьева, Наталья Булгакова, Ирина Максимова, Әйгерім Сердалі, Наталья Письмак, Оксана Яковлева, Ақмарал Сарсенбаева сынды ұстаздар бұл күнде жас буынға бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйретіп жүрген ұлағатты ұстаздар. Шәкірттері қазірдің өзінде алыс-жақын шетелдің жоғары оқу орындарында білім алып, ел болашағы үшін еңбек етуде.
2023 жылдың 22 ақпаны күні Әдебиет және өнер музейінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің «Жасампаз жастық» атты көрмесі ашылды. Көрмеге аталған білім ордасында дизайн, киім және интерьер дизайны мамандығы бойынша тәлім алатын студенттердің еңбектері қойылды.
Әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралы көрменің ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, мәдени шараға қатысқан ұстаздар мен студенттерге шығармашылық табыс тілеп,алғыс білдірді. Колледж қстазы, дизайн бөлімінің еңгерушісі Ұлболсын Мамбетова жастар шығармашылығын насихаттауға мүмкіндік жасаған музей ұжымына алғыс білдіріп, әріптестік қарым-қатынас алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.