Бүгін: 14.06.2025
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

2025 жылдың 11 маусымы күні Әдебиет және өнер музейінде «ИММЕРСИЯ ЦВЕТА И ЛИНИИ» көрмесінің ашылуы болып өтті. Әдебиет және өнер музейінің бастамасымен жүзеге асқан «ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ» жобасы –әйел-суретшілердің шығармашылығын қолдауға және дамытуға, халықаралық Women Artist’s Art Week бастамасын жүзеге асыруға арналған платформа ретінде құрылған. Көрмеде ҚР Суретшілер одағының мүшелері Наталья Булгакова, Ирина Максимова, Татьяна Соловьёваның шығармалары қойылды.

Ашылу рәсіміне қаланың зиялы қауым өкілдері, шығармашыл тұлғалар, мәдениет пен өнер қайраткерлері қатысып, көрме авторларының шығармашылығы, өмір жолы жайлы пікір білдіріп, көрме жұмысына сәттілік тіледі. Әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленген авторлар көрер мен музей ұжымына алғыс білдірді.

Көрмеге қатысушы үш суретші де шығармашылық пен қатар педагогикалық жұмысты қатар алып жүрген жандар. Олар көп жылдан бері Көкшетау көркемсурет мектебінде жемісті еңбек етіп келеді. Алдынан шыққан шәкірттер де бұл күні шебер суретші болып қалыптасып үлгерген. Көрмеге қойған еңбектері көрермен тарапынан жоғары баға алып, мамандардың таңданысын тудырды. Көрменің ашылуы қаланың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды деп айтуға болады.