2025 жылы 04 шілде күні Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері Тілеубай Мұхамет «Ұлттық домбыра күніне орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының «5510» әскери бөлімінде болып, «Домбыра – ұлтыммен егіз, рухыммен бірге» тақырыбында баяндама жасады.
Аталған іс-шараға бөлім басшылығы мен полковник, курсанттар қатысты. Жиын бөлім директоры Берік Қожахметовтың құттықтау сөзімен басталып, қатысушыларға ұлттық мұрамыздың маңызы мен тарихы, қолданылуы жайлы ақпараттар берілді. Халқымыздан шыққан дәулескер күйші, домбырашылардың аты аталып, туындылары да таныстырылды.