2023 жылдың 8 ақпанында Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейінде ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Менің нәзік жанымды кім түсінер...» атты поэзия кеші болып өтті.
Мұқағали Мақатаев – бұл күндері ең көп оқылатын, көп жатталатын және өлеңдеріне ән жиі жазылатын ақын. Республиканың әр аймағында Мұқағали оқулары, ақынды еске алу іс-шаралары жүйелі түрде өтіп келеді. Соның айқын дәлелі Әдебиет және өнер музейінде өткен осы жыр кеші еді.
Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтанов қазақ әдебиетіне тақырыбы мен мазмұны атан көтере алмас ауыр жүкті арқалаған тағдырлы туындыларды сыйлаған қаламгер. Майдан даласында от пен оқтың арасында жүргенде де қолынан қаламы түспеген. Сыз окоп пен қараңғы блиндажда май шамның жарығымен жазған өлеңдері мен очерктері майдан газеттерінде тұрақты жарияланып тұрды. Соғыстан кейінгі жылдары жарық көрген «Қаһарлы күндер», «Шырағың сөнбесін», «Боран» романдары жазушының шын дарынының деңгейін көрсеткен кең тынысты туынды болды.
2023 жылдың 18 қаңтарында Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейінде педагог суретші Мұрат Ғизатовтың «Пейзаж» атты жеке көрмесінің ашылуы болып өтті. Мұрат Болатұлы қазіргі таңда Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында «Сиқырлы қылқалам» балалар көркемсурет студиясына жетекшілік етеді.
Көкше, Көкшетау! Көкше — әсем, әнді өлке, салтанат-сәулет сәнді өлке! Көкше — дархан дәнді өлке! Жерұйығым менің Көкшетау! Атыңды аузыма алғанда-ақ көңілімді күй кернеп, өн бойымды ән аймалап ала жөнелетіні де сенің құдірет-қасиетің ғой, кербезім менің...
Қазақтың төл мәдениетінде, халықтың тұрмыс-тіршілігінде ежелден ерекшеленіп көрінетін, ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналған өнердің бір саласы - қолөнер. Ескі заманнан байырғы жұртымыздың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын өру, тоқу, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтықтар қазақ қолөнерінің негізі болып табылады. Қазақ халқының қолөнері сан ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып, замана келбетіне қарай түрленіп отырды. Бүгінгі азат ұрпаққа мұра болған ұлттық қолөнер туындыларынан уақыт бедерін, ұлттымыздың болмысын, дүниетанымын көре аламыз.