2025 жылдың 17 сәуірі күні Әдебиет және өнер музейінде жазушы-драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған «Қоңыр қаздың үні бар қаламында» атты әдеби кеш болып өтті. Филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек студент жастарға Қ.Ысқақ шығармаларының ерекшелігі мен жазушылық шеберлігі жайлы баяндап, оқырман сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, жазушының аудармашылық, сценаристік қырларына да тоқталды.
Оқырман қауымға «Қоңыр күз еді...» повесімен танылған қаламгер әдебиет әлеміне алпысыншы жылдары келген толқынның алдыңғы қатарында болды. Мерзімді баспасөзде, Қазақфильм киностудиясында жемісті еңбек етті. М.Әуезов атындағы академиялық театрдың әдебиет бөлімін басқарды.
Музей ұжымы алдағы уақытта да әдебиет пен өнер бағытындағы жемісті жұмысын жалғастыра бермек.