2023 жылдың 29 маусымы күні Әдебиет және өнер музейінде суретші Владимир Быстрицкийдің "PRO ЖИВОПСИЬ" атты жеке шығармашылық көрмесі болып өтті.
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнi. Жыл сайын осы мерекенi лайықты дәрежеде атап өту үшiн Әдебиет және өнер музейi қала мектептерi оқушыларының арасында «Бiз бақытты баламыз» атты сурет сайысын өткiзiп келедi. Балаларды шығармашылыққа бейiмдеу, олардың ерекше қабiлетiне қолдау бiлдiру музей педагогикасындағы басым бағыттардың бiрi. Сайыстың мақсаты да бүлдiршiндердiң шығармашылығын насихаттау болып саналады. Биылғы сайыс тақырыбы «Туған жер» деп бектілген еді.
18 мамыр – халықаралық музейлер күні. Осы мереке аясында еліміздегі музейлерде «Музей түні» акциясы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл дәстүрден Әдебиет және өнер музейі де тыс қалған емес.
2023 жылдың 4 мамыры күні Қостанай қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Әдебиет және өнер музейінің «Бурабай аңыздары» көркемсурет көрмесінің ашылуы болып өтті.
ХХ ғасырдың басында қазақ поэзиясына құбылыс болып келген ақын, алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 130 жыл толып отыр. Осы мерейтойды атап өту аясында еліміздің әр аймағында үлкенді-кішілі іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірі «Мағжан көктемі» жыр мүшайрасы.
2023 жылдың 26 сәуірі күні Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейінде «ART RELAX» ересектер мен балалар көркемсурет студиясы оқушыларының "Мир глазами детей" атты шығармашылық көрмесінің ашылуы болып өтті.