Бүгін: 21.02.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

     2026 жылдың 20 ақпанында Әдебиет және өнер музейінде тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов университеті ректорының кеңесшісі Аманбай Сейітқасымовтың қатысуымен ҚР Конституцияның жаңа жобасына байланысты «Заңнамалық өзгерістер: қоғам үшін маңызы мен мазмұны» атты дөңгелек үстел өтті.

     Іс-шараның мақсаты — Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мән-мазмұнын түсіндіру, олардың қоғам дамуына ықпалын талқылау және құқықтық мәдениетті арттыру болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар заңнамалық реформалардың негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, сот жүйесінің рөлі мен жауапкершілігі туралы пікір алмасты.

     Аманбай Асылбайұлы өз сөзінде Конституциялық реформалардың құқықтық мемлекет құрудағы маңызын атап өтіп, заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот әділдігін нығайту және азаматтардың мемлекеттік басқару процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзекті тақырыптар бойынша ашық пікірталас өтті.

     Дөңгелек үстел қорытындысында Конституциялық өзгерістердің қоғам үшін стратегиялық маңызы зор екені атап өтіліп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігі айтылды.

     Қатысушылар іс-шараның мазмұнды әрі пайдалы өткенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.