Бүгін: 04.02.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

     2025 жылдың 22 қаңтарында Әдебиет және өнер музейінде жазушы, кинодраматург Сайын Мұратбековтың 90 жылдығына арналған «Сайын дала Сайыны» атты әдеби кеш болып өтті.

     ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары қазақ әдебиетіне келген бір топ жастардың ішінде «Менің қарындасым», «Жусан иісі», «Жабайы алма» сынды өміршең туындыларымен оқырман есінде қалған Сайын Мұратбеков, әңгіме жанрының шын шеберіне айналды. Шығармаларында суреттелген кейіпкерлер халық арасында, әдеби ортада жиі талқыланатын тақырып болды.

     Әдебиет және өнер музейінде өткен әдеби кеште әдебиеттанушы ғалым, ф.ғ.к. Сәбит Жәмбек С.Мұратбеков шығармаларындағы ерекшеліктерге тоқталып, жазушының өзіндік стилі жайлы ой бөлісті. Іс-шараға келген оқырмандардың сұрағына толымды жауап беріп, көпшілікті кітаппен дос болуға шақырды.