Бүгін: 12.02.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

     2026 жылдың 4 ақпанында Әдебиет және өнер музейінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Киім дизайны» және «Интерьер дизайны» мамандығында білім алушы студенттердің «Өнерге бастар жол» шығармашылық көрмесі өтті. Көрмеге отызға жуық туынды қойылды. Сурет, киім үлгілері және қолөнер өнімдері көпшілікті тәнті етті.

     Талантты жастардың шығармашылығымен таныса келген Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова көрменің ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеп, колледж ұжымына табыс тіледі. Қазақстан Суретшілер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Юрий Попов, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің диекторы Саян Мұхамедияров Әдебиет және өнер музейіне аталған көрменің өтуіне жағдай жасағаны үшін алғыс білдірді.

     Сейдахмет Нұрбек, Ұлан Мирас, Бақытбек Аружан сынды өнерлі жастар күй шертіп, ән салып көпшіліктің көңілін көтерді. Жастардың өнер жәрмеңкесі ай бойы жалғаспақ.