2025 жылдың 2-7 шілдесі аралығында Әдебиет және өнер музейі ұлттық домбыра күніне орай музей қорындағы танымал тұлғалардың домбыраларынан құралған "Бабамнан қалған мұра сен болмасаң..." атты көрме ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты: ұлттық Домбыра күнін лайықты деңгейде атап өту, музей қорындағы Сұлтан Жалмұқанұлы, Көкен Шәкеев, Сәкен Жүнісов, Жұмағали Саин, Кәрім Ілиястегі, Естай Мырзахметов, Мәлік Ғабдуллин сынды танымал тұлғалардың домбыраларын көпшілік қауымға таныстыру болатын.
Көрмені тамашалаған зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, ЖОО ұстаздары іс-шараның деңгейіне жоғары беріп, музей ұжымына шығармашылық табыс тіледі.