Бүгін: 28.10.2025
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

   2025 жылдың 11 қыркүйегі күні Әдебиет және өнер музейінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Қанекей, тілім, сөйлеші!" атты жұмбақ және жаңылтпаш айтушылар байқау болып өтті. Байқаудың мақсаты Қазақстан халқы тілдері күнін жоғары деңгейде атып өту, қазақ халқының  ауыз әдебиет мұраларын насихаттау, жастарды мәдение ошақтарға тартуы болып табылды.

       Байқауға Ш.Уәлиханов атындағы КУ-дің филология факультетінің студенттері қатысты. Үш  бөлімнен тұратын байқаудың қорытындысы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы КУ-дің филология факультетінің 2 курс студенті Қарлығаш Бимырзаева жүлделі І орынды еншіледі. Ал осы курстың студенті Қонысбек Ақаркеге жүлделі ІІ орын бұйырды. 1 курс студенттері Демкеш Аружан мен Дамира Бабаханова жүлделі ІІІ орынды иеленді.

         Халық ауыз әдебиетінің мұралары насихатталған, ой тапқырлығы мен жылдамдығы сынға түскен сайыстан студент жастар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.