Бүгін: 28.10.2025
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

       2015 жылдың 18 қыркүйегі күні Әдебиет және өнер музейінде Балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы, суретші Дамир Магзумовтың "СИНИМ по БЕЛОМУ" атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрменің мақсаты суретшінің шығармашылығын халық назарына ұсыну, насихаттау; өнер адамының еңбек жолын жас буынға үлгі ету, көркемсуретке қызықтыру  болып табылды.

      Көрменің беташар сөзін сөйлеген Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова  жас суретшіге шығармашылық табыс тілеп, көпшілікті жаңа көрменің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, өз кезегінде сөз алған ҚР Суретшілер одағының Ақмола облыстық филиалының директоры, суретші, мүсінші Юрий Попов, Шоқан Уәлиханов атындағы КУ-дің аға оқытушысы Лейла Қожабаева, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, Балалар көркемсурет мектебінің оқытушылары, Дужан Мағзумов пен Наталья Булгаковалар жас сурпетшінің туындыларына баға беріп, өнер иесіне жарқын шығармашылық болашақ тіледі.

      Адам мен қоғамның, еркіндік пен шектеудің, арпалыс пен үндестіктің бейнелік тілде өрілген көрінісін тамашалаған көпшілік қауым көрмеден көтеріңкі көңілмен тарқасты.