Бүгін: 26.08.2025
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

2025 жылдың 6 тамызы күні Әдебиет және өнер музейінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай "Дүниені оймен шолған хәкім Абай" атты дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Phd, ақын, жазушы Ерболат Баят, әдебиеттанушы, ф.ғ.к Сәбит Жәмбек және музей қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында, Сәбит Нұрмағанбетұлы Абай шығармашылығындағы ізгілікті ойды сөз етсе, Ерболат Баятұлы ақынның философиялық таным, көзқарастары туралы деректерімен толықтырды. Сонау ғасырда ақын еңбектеріндегі айтылған, бүгін де өзгермеген қоғам келбеті, адам бейнесі де сөз етілді. Абай Құнанбайұлы – көптеген өлеңдері мен 45 қара сөз, аударма еңбектерін қалдырған ұлы ойшыл, ақынымыз.