Бүгін: 26.08.2025
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — Абай мұрасын дәріптеу, ұлттық руханият пен поэзияны насихаттау, жас қаламгерлерге қолдау көрсету.

Мүшәйраға облыс көлемінен көптеген жас ақындар қатысып, Абайға арнау, рухани тақырып және еркін бағытта өз шығармаларын ұсынды. Қазылар алқасы қатысушылардың өлеңдерін тақырыпты ашу, тіл көркемдігі, мазмұн тереңдігі мен поэтикалық шеберлік бойынша бағалады.

ІІІ орын – Мұхамет Тілеубай және Нұрислам Әбділге бұйырды. ІІ орынды Рамазан Бауыржанұлы иеленді. Мүшайраның  І орыны – Қуаныш Оспанның қанжығасына байланды. 

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Абайдың асыл мұрасын өлеңмен өрнектеген жас ақындарға шабыт, толайым табыс, қаламына қуат тілейміз!