Бүгін: 27.11.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

    2026 жылғы 24-ші қыркүйегінде Әдебиет және өнер музейінде қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына орай «Дауылпаз ақын – Қасым» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

    Әдеби кеш барысында әдебиеттанушы ғалым Сәбит Жәмбек қатысушыларға ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы мол мәлімет берді. Қасым Аманжоловтың қазақ әдебиетіндегі орны, поэзиясының ерекшелігі, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі туралы сөз қозғалды.

    Іс-шарада ақынның «Өзім туралы», «Ақын өлімі туралы аңыз», «Қазақстан», «Дариға, сол қыз» және басқа да белгілі шығармаларынан үзінділер оқылды. Қатысушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармаларының мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқталды. Қасым Аманжоловтың  шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары мен ол туралы зерттеу еңбектері таныстырылды.

    Әдеби кеш оқырмандардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып, Қасым Аманжоловтың мол әдеби мұрасын насихаттауға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қонақтар ақын өлеңдерінің көркемдігі мен маңызы туралы өз пікірлерін білдірді.