Бүгін: 27.11.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

    2026 жылдың 16 қыркүйегінде Әдебиет және өнер музейінде Бурабай ауданы суретшілерінің "ART BURABAY: шабыт кеңістігі" атты ұжымдық көрменің ашылуы болып өтті.

   Ұжымдық көрменің мақсаты – суретшілердің шығармашылық туындыларын көпшілікке таныстыру, көркемдік тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, заманауи бейнелеу өнерін насихаттау, сондай-ақ өнер арқылы Бурабай өңірінің мәдени және табиғи ерекшеліктерін таныту.

    «Арт Бурабай» шығармашылық бірлестігі — 2012 жылғы 13 қаңтарда Щучинск қаласының аудандық мәдениет үйі жанынан өңір суретшілерін біріктіру мақсатында құрылды.

    Көрмеге әр түрлі тақырып пен техникадағы 40 туынды қойылды. Шеберлердің қиялы мен шабытынан туған жұмыстар көпшіліктің жоғары бағасын алды. Талғампаз көрермен әр суреттің идеясы мен мазмұнына терең үңіліп, таңғалысын жасырмады. Қатысушы авторлар Миниханов Рашит, Қрықбесов Юсуф, Ускова Виктория, Мыцык Мария, Мыцык Егор, Цыгвинцева Елена, Серебрякова Евгения, Дёмина Вероника іс-шараны ұйымдастырған музей ұжымына алғыс білдірді.

    Көрменің ашылу рәсімінде сөз алған Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Нұрғиса Дәуешов, ҚР Суретшілер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Юрий Попов, Балалар көркемөнер мектебінің директоры Юлия Желобкова шығармашылық топқа риза көңілмен  табыс тіледі.

    Әсем ән, сазды әуен, өрелі өлеңмен өрілген салтанатты кештен көпшілік риза көңілмен тарқасты.