Бүгін: 27.11.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

   2026 жылдың 22 қазанында Әдебиет және өнер музейінде,  Республика күні мерекесіне орай Ақмола облысы суретшілерінің «ART AQMOLA: ҚЫЛҚАЛАМ ЖӘНЕ БОЛМЫС» атты ұжымдық көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрмеге ҚР Суретшілер одағының мүшесі болып табылатын он екі суретшінің түрлі техникамен салынған отыздан астам туындысы қойылған. Көрменің мақсаты: Республика күнін лайықты атап өту, Ақмола облысы суретшілерінің шығармашылығын насихаттау, ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны бейнелеу өнері арқылы дәріптеу, суретшілердің кәсіби шығармашылық байланысын нығайту еді.

   Көрменің ашылу рәсімінде Әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралы. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші Дулат Қоспанов, ардагер ұстаз, журналист Әлия Ахетова сөз сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтап, суретшілерге шығармашылық табыс тіледі.

   Көрмені тамашалаған көпшілік алуан тақырыптағы туындылардың орындалу деңгейіне, образдардың шынайылығына таңданыс білдіріп, суретшілердің шеберлігіне жоғары баға берді. Әр көрермен өзіне ұнаған картиналардың алдында суретке түсіп, өнер әлеміне шағын саяхат жасады.