Бүгін: 27.11.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

    2026 жылғы 11 қыркүйекте Әдебиет және өнер музейінде Тілдер күніне орай студенттер арасында «Ана тілің – арың бұл» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Кештің негізгі мақсаты – ана тілінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, қазақ тілінің қадір-қасиетін дәріптеу және жас ұрпақты тілін құрметтеуге баулу.

   Іс-шара барысында жас оқырмандар қазақ ақындарының ана тілі, туған жер, ел мен Отан тақырыптарындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырза Әлі және басқа да ақындардың шығармаларынан үзінділер орындалды.

   Кеш барысында тіл туралы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер айтылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Өлең оқу арқылы қатысушылар қазақ тілінің көркемдігі мен байлығын танытып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әдеби шығармаларды мәнерлеп оқу оқушылардың сахна мәдениетін қалыптастырып, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттырды.

   Шара соңында ана тілін ардақтау – әр азаматтың парызы екені айтылып, мемлекеттік тілді құрметтеу мен дамытуға әр адамның өзіндік үлесі болуы қажеттігі атап өтілді.

   Қорытындылай келе, «Ана тілің – арың бұл» атты поэзия кеші жоғары деңгейде өтті. Іс-шара оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттырып, қазақ әдебиетіне және көркем сөз өнеріне қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.