2026 жылдың 28 шілдесі күні Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейінде қазақ халқының ұлттық саз аспаптарына арналған «Ұлы Дала әуендері» атты көрме-дәрісі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыка мәдениетін насихаттау, ұлттық саз аспаптарының тарихы мен ерекшеліктерін таныстыру және келушілердің рухани-мәдени танымын кеңейту болып табылды.
2026 жылғы 21 шілдеде Әдебиет және өнер музейінде суретші Владимир Быстрицкийдің «Сарыарқа» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
2026 жылдың 3 шілдесі күні Әдебиет және өнер музейінде Ұлттық домбыра күніне орай Көкшетау қаласындағы Балалар музыка мектебінің ұстазы, күйші Мұқатай Асылбек Қойбағарұлымен «Күймен өрілген өмір» атты тағылымды кездесу өтті.
2026 жылдың 5 шілдесі күні Көкшетаудағы «Жаңа жағалау» аумағында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
2026 жылғы 22–26 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі және Түрік Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен «Қазақстан Республикасының музейлерін цифрландыру және дамыту» атты халықаралық оқу семинары ұйымдастырылып өткізілді.
