2026 жылдың 15 маусымы күні Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Көкшетау қаласындағы Балалар көркемөнер мектебінің ұстазы Наталья Булгакованың «Ағын» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы.
Көрмеде заманауи адамның ақпарат, бейнелер, әлеуметтік рөлдер мен эмоциялық көңіл-күйлердің үздіксіз қозғалысы кеңістігіндегі өмірі туралы ой-толғамдары ұсынылды. Экспозицияға суретшінің отызға тарта кескіндеме туындылары, коллаждар және арт-объектілер қойылды.
Көрме ашылуында сөз алған ҚР Суретшілер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Юрий Попов, ұстаз, жазушы Әлия Ахметова, қоғам қайраткері, өнертаушы Ғалым Бекмағамбетов, Көкшетау қалалық білім бөлімінің басшысы Әйгерім Қошанова, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Дужан Магзумов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Манарбек Бұрмағановтар суретші туындыларына жоғары баға беріп, шалқар шығармашылық табыс тіледі.
Ағын» көрмесі британдық суретші Анна Санд негізін қалаған халықаралық WAAW (Women Artists’ Art Week) бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл жоба әйел-суретшілердің шығармашылығын қолдайтын және олардың заманауи өнер кеңістігіндегі кәсіби қатысуын кеңейтуге бағытталған әлемнің түрлі елдеріндегі галереялар мен мәдени мекемелерді біріктіреді.
WAAW бағдарламасына қатысу Наталья Булгакованың жобасын суретшілерді, кураторларды және көрме алаңдарын біріктіретін халықаралық мәдени кеңістікпен байланыстырады әрі Көкшетау қаласының мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналдырды.
Тамаша өнер туындыларын тамашалап, зиялы қауымның пайымды пікіріне қаныққан көпшілік көрмеден көтеріңкі көңіл-кұймен тарқасты.





