Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және олардың тарихы мен маңызын кеңінен насихаттау болып табылды.
Шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы танымдық мәліметтер беріліп, олардың авторлары мен қабылдану тарихы таныстырылды.





