Бүгін: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

2023 жылдың 15 наурызы күні Әдебиет және өнер музейінде ұстаз, журналист, әнші-сазгер Кәрім Ілиястегінің туғанына 95 жыл толуына орай "Арқаның арқалы әншісі" атты еске алу кеші болып өтті.

Іс-шараның мақсаты әнші-композитор, ақын, журналист Кәрім Ілиясовтың 95 жылдық мерейтойын ылайықты деңгейде атап өту, еске алу, өнер адамның өмірі мен туындыларын облыс жұршылығы жүрегінде жаңғырта отырып, көпшіліктің Кәрім шығармашылығына деген қызығушылығын ояту болып табылды.

2023 жылдың 6 наурызында Әдебиет және өнер музейінде «Көктем шуағы» көрмесінің ашылуы болып өтті. Бұл іс-шара Халықаралық әйелдер күні мерекесін тойлау аясында ұйымдастырылған болатын.

Көрмеге Көкшетау қаласындағы балар көркемсурет мектебі нәзік жанды ұстаздарының еңбектері қойылды.  Юлия Желобкова, Татьяна Соловьева, Наталья Булгакова, Ирина  Максимова, Әйгерім Сердалі, Наталья Письмак, Оксана Яковлева,  Ақмарал Сарсенбаева  сынды ұстаздар бұл күнде жас буынға бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйретіп жүрген ұлағатты ұстаздар. Шәкірттері қазірдің өзінде алыс-жақын шетелдің жоғары оқу орындарында білім алып, ел болашағы үшін еңбек етуде.

2023 жылдың 8 ақпанында Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейінде ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Менің нәзік жанымды кім түсінер...» атты поэзия кеші болып өтті.

Мұқағали Мақатаев – бұл күндері ең көп оқылатын, көп жатталатын және өлеңдеріне ән жиі жазылатын ақын. Республиканың әр аймағында Мұқағали оқулары, ақынды еске алу іс-шаралары жүйелі түрде өтіп келеді. Соның айқын дәлелі Әдебиет және өнер музейінде өткен осы жыр кеші еді.

2023 жылдың 22 ақпаны күні Әдебиет және өнер музейінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің «Жасампаз жастық» атты көрмесі ашылды. Көрмеге аталған білім ордасында дизайн, киім және  интерьер дизайны мамандығы бойынша тәлім алатын студенттердің еңбектері қойылды.

Әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралы көрменің ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, мәдени шараға қатысқан ұстаздар мен студенттерге шығармашылық табыс тілеп,алғыс білдірді. Колледж қстазы, дизайн бөлімінің еңгерушісі Ұлболсын Мамбетова жастар шығармашылығын насихаттауға мүмкіндік жасаған музей ұжымына алғыс білдіріп, әріптестік қарым-қатынас алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтанов қазақ әдебиетіне тақырыбы мен мазмұны атан көтере алмас ауыр жүкті арқалаған тағдырлы туындыларды сыйлаған қаламгер. Майдан даласында от пен оқтың арасында жүргенде де қолынан қаламы түспеген. Сыз окоп пен қараңғы блиндажда май шамның жарығымен жазған  өлеңдері мен очерктері майдан газеттерінде тұрақты жарияланып тұрды. Соғыстан кейінгі жылдары жарық көрген «Қаһарлы күндер», «Шырағың сөнбесін», «Боран» романдары жазушының шын дарынының деңгейін көрсеткен кең тынысты туынды болды.