Бүгін: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

2024 жылғы 7 ақпанда АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Дэниел Розенблюм Әдебиет және өнер музейінде қонақта болды. Ақмола облысына арнайы жұмыс сапарымен келген дипломат өңірдің әдебиеті және өнерімен жақын танысу үшін арнайы ат басын бұрғанын атап өтті. Шетелдік мейман музей залдарын аса қызығушылықпен тамашалады. Өзін толғандырған сұрақтарға жауап алып, тарихи деректерге қанық болды.

Музейдің тілектер мен ұсыныстар кітабына «Маған Көкшетау қаласындағы Әдебиет және өнер музейіне жасаған сапарым өте ұнады, өте қызықты болды: мен жергілікті дәстүрлер мен қазақ әнінің, поэзиясының және басқа да өнерлердің тарихы туралы көп ақпарат алдым. Мен Көкшетау қаласына келген кез келген адамға осы музейге баруға кеңес беремін. Мұражай директорының ән айтып, домбырада тартқнын тыңдадым! Көп рахмет!» деген жүрекжарды лебізін жазып қалдырды.