Бүгін: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

Биыл Қазақстанның Халық жазушысы Сәкен Жүнісовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Осы мерейтойды жоғары деңгейде атап өту, қаламгердің рухани мұрасына ғылыми тұрғыда зерттеу жасау, талдау, шығармашылығы мен өмір жолын көпшілікке насихаттау мақсатында Ақмола облысында ауқымды жобалар жоспарланған. Әдебиет және өнер музейі ұйымдастырған  «Сексен көлдің серісі...» атты әдеби-сазды кеш сол іс-шаралардың  басы іспеттес.

         Жас ұрпақтың Сәкен сері тұлғасын тануына ықпал ету және көпшілікті көркем әдебиетке ынталандыруды мақсат еткен кешті  ақын, РНD-доктор, Қазақстан жазушылары Одағы Ақмола облыстық филиалының директоры Ерболат Баят жүргізді. Іс-шараға Ақмола облысының мәдениет басқармасы, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, ЖОО ұстаздары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

         Алғашқы болып сөз алған Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова Сәкен Жүнісовтың мерейтойы аясында өтетін іс-шаралар жоспарын таныстырып, іс-шара жұмысына жеміс тіледі.

Ш.Уәлиханов университетінің профессоры, ф.ғ.к. Сәбит Жәмбек, Ш.Уәлиханов университетінің оқытушысы,  Ш.Уәлиханов университетінің кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д. Қасиет Молғаждаров Сәкен Жүнісов шығармаларындағы тақырып пен мазмұн жайлы баяндама жасады.

         Кеш соңында музей директоры Н.Нұралы Сәкен Жүнісовтың қарындасы Роза Жүнісоваға сый-сияпат жасап, зор денсаулық тіледі.

 

 

Social button for Joomla