Биыл жерлес жазушы, публицист, қарт журналист Сарбас Ақтаев 90 жасқа толғалы отыр. Осы мерейтойға орай, 2024 жылдың 21 ақпаны күні музей қызметкерлері музей қорын толықтыру, ақпарат жинақтау, Сарбас Ақтаевтың еңбегі мен өмір жолы жайындағы деректерді өз аузынан жазып алу мақсатында қаламгердің шаңырағында қонақта болды.
Сарбас Ақтаев өзі жайында, өзінің өскен, қалыптасқан ортасы жайында үш сағаттық сұхбат беріп, Көкшетау мен Жетісу жерлерінің қысқаша тарихына тоқталып өтті.
Қаламгер журналистика саласында өткен 60 жылдық еңбек жолында «Колхоз жолы», «Көкшетау правдасы», «Жетісу», «Социалистік Қазақстан», «Халық кеңесі» сияқты басылымдарда, «Ара-Шмель», «Ақиқат» журналдарында өнімді еңбек етті. Соңғы елу жылда ел өмірінде болған тарихи, мәдени, саяси оқиғалардың куәсі де осы Сарбас Ақтайұлы. Бүгінде дербес зейнеткер.
Абыз ақсақал музей қорына өз қаламынан туған "Алтын қалам", "Шарапатты шаңырақ" кітаптары мен фотосуреттерді тапсырды.