2026 жылдың 5 шілдесі күні Көкшетаудағы «Жаңа жағалау» аумағында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік бағдарлама аясында қала тұрғындары мен қонақтарына тақырыптық көрмелер, мәдени алаңдар және концерттік бағдарлама көрсетілді.
Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері көпшілік назарына музей қорында сақталған сал-серілер мен қаламгерлерге тиесілі тарихи домбыралардан "Домбыра — бабалар аманаты" атты көрме ұсынды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Бисара Мәкенова ұзақ жылдар бойы сахнадағы шығармашылық серігі болған қасиетті домбырасын Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейінің қорына салтанатты түрде табыстады.
Ұлттық домбыра күні – халқымыздың рухани мұрасын ұлықтап, ұлттық өнердің сабақтастығын дәріптейтін тағылымды мереке. Осындай игі шаралар арқылы күй өнері мен домбыраның қадір-қасиеті кейінгі ұрпаққа насихатталып, ұлттық құндылықтарға деген құрмет арта түспек.

Social button for Joomla





