Бүгін: 30.06.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов
    2026 жылдың 10 маусымы күні ТМД елдерінің кеден қызметтері басшылары мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Біріккен кеден алқасының қатысушылары Бурабай баурайындағы Этноауылды тамашалады.

    Әдебиет және өнер музейі қызметкерлері іс-шараға қатысушылар назарына қолөнер шеберлерінің жұмыстарын ұсынып, музей жәдігерлерінен көрме ұйымдастырды.

    Көрмеге музей қорындағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен, қолөнерінен, этнографиясынан мол мағлұмат беретін жәдігерлер қойылды.

    Көрме барысында қонақтар қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен рухани мұрасын танытатын бірегей экспонаттармен танысып, олардың тарихи және мәдени маңызы туралы жан-жақты мәлімет алды. Музей қызметкерлері әрбір жәдігердің шығу тарихына тоқталып, олардың қазақ халқының тұрмыс-салты, ұлттық дүниетанымы мен қолөнер дәстүріндегі орны жөнінде кеңінен ақпарат берді.

     Іс-шара қонақтары көрмеге қойылған ұлттық бұйымдар мен қолөнер туындыларына ерекше қызығушылық танытып, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарына жоғары баға берді. Мұндай көрмелердің халықаралық деңгейдегі іс-шаралар аясында ұйымдастырылуы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық өнерді дәріптеуге және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етті.