Сегодня: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

«Қазақ латын әліпбиі тарихының архив құжаттары» көрмесі

2017 жылдың 20 қазаны күнi Әдебиет және өнер музейiнде Ақмола облысының мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы мен Ақмола облысының мәдениет басқармасының Әдебиет және өнер музейi бiрлесiп ұйымдастырған «Қазақ латын әлiпбиi тарихының архив құжаттары» атты көрменiң ашылу болып өттi. Көрменiң мақсаты архив құжаттарында латын қарпiнде сақталған құжаттарды көпшiлiк назарына ұсына отырып, Қазақстанның латын әлiпбиiне көшуiне қолдау көрсету, көпшiлiктi архив құжаттарындағы тарихи деректермен танысытырып, өткенiмiздi бағалау, болашаққа бағдар жасау, жұртшылықты мәдени орындарға тарту, халқымыздың мәдени мол мұрасын ұрпаққа қаз-қалпында қалдыру болып табылды. Көрменiң ашылуы барысында сөз алған Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң ұстазы, филология ғылымдарының докторы Бердiбай Шалабай, Мағжан Жұмабев атындағы Ақмола облысытың ғылыми-әмбебап кiтапханасы директорының орынбасары Галина Савенкова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң ұстазы, аға оқытушысы Талапкер Уәлиевтер өз ерекшелiктерiмiздi сақтай отырып әлiпбидi өзгерту тiлiмiздiң халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестiң заманауи жетiстiктерiне жол ашатындығы турасында кеңiнен мағлұмат бердi. Сондай-ақ, Ақмола облыстық мемлекеттiк архивiнiң ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмiнiң басшысы Нәзира Елжасқызы көпшiлiкке көрменi таныстырып, қойылған сұрақтарға толымды жауаптар бердi. Көрменi тамашалауға жиналған қауым қазақ латын әлiпбиi тарихы турасында тың деректермен танысып, риза көңiлмен тарқасты.

class="new-page-text">