Ақтоқты сұлудың тігін мәшинасы
Ақмола облысы мәдениет басқармасына қарасты Әдебиет және өнер музейi қорында он мыңға тарта жәдiгер бар. Осы жәдiгерлердiң үш мыңнан астамы негiзгi қордағы, әдебиет пен өнерге қатысы бар құндылықтар болып табылады. Бүгiн бiз музей қорындағы «Зингер» тiгiн машинасы жайында сөз қозғамақпыз. Тiгiн мәшинасы өз заманынада атақты Ақан серi ғашық болған Ақтоқты сұлуға тиесiлi болған екен. Олай болса, әуелгi сөздi «Зингер» тiгiн машинасы тiгiн машинасының шығу тарихына бұрсақ.
«Зингер» сөзi ХIХ ғасырдың орта шенiнен бастап адамзат санасына тiгiн мәшинесi атауымен қатар сiңiсе бастапты. Тiгiн мәшинесiнiң «Зингер» деп аталуы оны жасаушы шебердiң есiмiмен байланысты екенiн өзiңiз де бiлiп отырған боларсыз.
Анығында, тiгiн мәшинасы Исаак Зингерге дейiн ойлап табылыпты. Тiптi сонау XV ғасырдың өзiнде Голландияда кемелердiң желкендерiн тiгетiн арнайы тiгiн станоктар болыпты. Ал, тiгiн машинасына патент алғаш рет 1790 жылы Ағылшын жерiнде кейiн Австрия, АҚШ, және Францияда берiлiптi. Десек те патенттелген бұл құрылғылардың барлығы шамадан тыс үлкен әрi тым күрделi болса керек.
Бүгiнгi күнi қолданыста жүрген тiгiн машиналар ХIХ ғасырдан ғана пайда бола бастаған.
Шамамен осы уақытта, яғни, 1811 жылы Нью-Йорк штатына Германиядан қоныс аударған отбасында Исаак Меррит Зингер дүиеге келедi. Кiшкентай Исаак соншалықты бiр тартымды тәрбиесiмен не оқуға деген айырықша ынтасымен көзге түсе қоймаса керек. Сол себептi де оның мектеп табалдырығын аттаған алғашқы жылдары зымырап өте шығады. Ол 12 жасында-ақ мектептi тастап, Рочестердегi үлкен ағасына қашып кетiп, сол жақтағы механикалық шеберханаға жұмысқа орналасады. Санасында саңылауы бар жасөспiрiм жаңа мамандықтың қыр-сырына тез қанығады. Бiрақта өзiнiң мазасыз мiнезiнiң қырсығынан ол жерден де қашып шығып, қаңғыбас актерлердiң труппасына қосылады. Ақыры Америка штаттарының бiразын шарлаған Исаак 20 жасына шаңырақ көтерiп, орнықты болуды мақсат қылады. Бостандағы механикалық заводттардың бiрiне жұмысқа орналасады.
Сол жердi қызмет қылып жүрiп өзiнiң өнертапқыштық талантын аңғартып, неше түрлi құылымдылық тұрғыда жетiлдiрiлген жұмыстарын ұсынумен болады.
Сөйтiп жүрiп Зингер 1839 жылы жер қыртысын бұрғылайтын машинаның патентiне қол жеткiзедi. Ол патент пен құқықты сатып, сол кездiң есебi бойынша қыруар қаражат болып саналатын екi мың доллор табыс табады.
Техника жасаудағы аса талантты инженерлiк қабiлетi бола тұра, Исаак Зингердiң жүрiс-тұрысы голливудтық бейнедегi iш пыстыратан «ботаникке» де, «оқу соққан ғалымға» да сай келмейтiн едi. Ол театр мен әйелдерге аса қызығушылық танытатын, қуат-күшi тасыған, алып тұлғалы адам болатын.
Зингер бiрнеше рет үйленiп, 23 баланың әкесi атанады. Соған қарамастан ол өмiрiнiң соңына дейiн бала-шағасына қомқор болып өтедi.
Зингер күтпеген жерден тапқан қаржылық табысының арқасында, бiр қарағанда ақылға сыйымсыз болып көрiнетiн, бiрақ оның мiнезiн ескерсеңiз көңiлге қонымды болып табылатын шешiм қабылдайды. Ол актерлық труппа жинап, бес жылға созылған сапарға аттанады. Ақыры бұл сапарды айтарлықтай iс тындыра алмай, әйелi мен сегiз баласын алып, Нью-Йоркке оралады.
Бұл жерде тiгiн машиналарын құрастырып шығарушы Орсон Фелпспен танысып, оның шеберханасында жұмыс iстей бастайды.
Фелпстiң тiгiн машинкалары бәсекелестерiнiкiне қарағанда шағын және қарапайым құрылымдардан тұрса да, машинкада тiгiнен орналасқан қайықшада жiптер үнемi шатасып қала берушi едi.
Бiр күнi жұмысынан қысқа уақытқа демалыс алған Исаак Зингер, тiгiн машинкасы құрылымындағы осы бiр кемшiлiктi жетiлдiрумен айналысады.
Бар-жоғы он күннен кейiн таңданысын жасыра алмаған Орсон Фелпстiң алдында өзi жасап шығарған тiгiн мәшинесiнен көптеген параметрлерiмен озық теникалық туынды тұрады.
Матаны молынан жайып, жылжытып отыратын үстел, көлденеңiнен орналасқан қайықша, тесiктi ине, матаны жазып отыратын табан және аяқпен басып, мәшнинаны iске қосатын басқыш тiгiншiнiң бiр уақытта қос қолмен ұзыннан-ұзақ үздiксiз тiгiн жасауына мүмкiндiк бердi.
Негiзгi құрылымы үнемi жетiлдiрiлiп, бiренше жыл өткен соң мүлдем жаңа үлгiдегi, электр қуатына қосу мүмкiндiгiне ие, жетiлдiрiлген машинканың түрi пайда болады.
1864 жылғы «Singer-12» тiгiн машинасы үлгiсiнiң озық болғаны соншалықты — патенттiк рұқсаты аяқталған соң да кейiнгi тiгiн машинасын құрастырушылар сол үлгiнi көшiрумен болады.
Ал 1870 жылы Исаак Зингер АҚШ-та “Зингер” фирмасын ашады. 1900 жылы Ресейдiң Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашылады.
1917 жылы Кеңес елiнде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт iске қосылады. Машинаның сыртқы дизаиндерi жасалып, фирманың белгiсiн жазатын болды.
Әдебиет және өнер музейiнiң негiзi құрыла бастаған жылдары ғылыми қызметкерлер ел арасын шығып жинақтау жұмыстарын белсендi түрде атқара бастайды. Сол жылдары музей қорына қазақтың әдебиетi мен өнерiне, тарихына қатысты көптеген жәдiгерлер жинақталып, сұрыпталады. Музейдiң сол кездегi ғылыми қызметкерi болған Кәрiм Iлиястегi Зерендi ауданы Қызылағаш ауылында тұратын Жалмұқанның ұрпақтарынан «Зингер» тiгiн машинасын алған екен. Ұрпақтары «Зингер» машинасын Ақтоқты әжемiздiң көзi деп бергiсi келмей бiраз қиғылық та салған көрiнедi. Ақыр соңында қазаққа құны ортақ жәдiгердi халықтың рухани мұрасына айналдыруға көндiргенге ұқсайды. Бүгiнгi күнге дейiн бұл жәдiгер көпшiлiк көзайымына айналып, музей төрiнен орын алуда.
Әдебиет және өнер музейiнiң
ғылыми қызметкерi Бақытбек Бекмұратұлы