2023 жылдың 29 маусымы күні Әдебиет және өнер музейінде суретші Владимир Быстрицкийдің "PRO ЖИВОПСИЬ" атты жеке шығармашылық көрмесі болып өтті.
Көрменің мақсаты суретшінің шығармашылығын халық назарына ұсыну, насихаттау; өнер адамының еңбек жолын жас буынға үлгі ету; көркемсуретке қызықтыру, сол арқылы көпшілікті көркемөнерге, шығармашылыққа баулу; бос уақыттарын тиімді пайдалануға бейімдеу; халықты мәдени ошақтарға тарта отырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру; музей ісінің алға басуына, тапнымалдығының артуына ықпал ету болып табылады.
Көменің беташар сөзін музей дирекеторы Нұрбек Жамашұлы сөйлеп, көрменің авторын алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, көрменің ашылуы барысында сөз алған Ақмола облысы Суретшілер одағының төрағасы, суретші-мүсінші Юрий Попов, Көкшетау қаласы тарихы музейінің директоры Ботагөз Жәкенқызы, Балалар көркемсурет мектебінің директоры Юлия Желобкова, Көкшетау Жоғары колледжінің ұстазы Петр Дермановский суретшінің шығармашылығы турасында толымды пікір айтып, өнер иесіне шығармашылық табыс тіледі. Көрменің соңында суретші Владимир Быстрицкий музей қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, көпшілік қауымды уақыттарын ысырап қылмай, тиімді пайдалануға шақырды. Түрлі тақырыпта салынған суретшінің шығармашылығын тамашалаған талғампаз көрермен риза көңілмен тарқасты.