Бүгін: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

2023 жылдың 12 сәуірі күнi Әдебиет және өнер музейiнде көкшетаулық суретшi Виктор Кубриннiң қызы Елизавета Кубринамен бірлескен «Звуки природы» атты шығармашылық көрмесiнiң салтанатты ашылуы болып өттi. Көрмеге өнер иесi қаламынан туған әр жылдардағы еңбектерi қойылды. Суретшi қазақ даласының, Бурабай баурайының көрiктi жерлерiн, қала пейзажын шебер бейнелеп жеткiзе бiлген. Қала сәулеті, қала тұрғындарының өмірі мен тыныс-тіршілігі В.Кубрин туындыларында барынша айқын көрінеді.

Көрменің ашылу рәсімін Әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралы құттықтау сөзбен ашты. Музей директоры суретшіге Ақмола облысы әкімі орынбасарының құттықтау хатын табыс етіп, өнер иесіне шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, Ақмола облысы суретшілер одағының төрағасы, суретші-мүсінші Юрий Попов қаланың мәдени өміріне белсене атсалысып, осындай көрмені жоғары деңгейде ұймдастыра білген музей ұжымына алғыс білдіріп, суретшіні жеке көрмесінің ашылуымен құттықтады. Балалар көркемсурет мектебінің директоры Юлия Желобкова, «Палитра Синегорья» бірлестігінің жетекшісі Елена Андроняк авторға шығармашылық табыс тіледі.

Ашылу салтанатының соңында автор В.Кубрин көрменiң өтуіне ұйытқы болған музей ұжымына ризашылық сезімін білдірді.