2023 жылдың 28 қыркүйегі күні Әдебиет және өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының құрылғанына 90 жыл толуына орай Ақмола облысы суретшілерінің "Ғасырлар тоғысында" атты шығармашылық көрмесінің ашылуы болып өтті.
Көрменің мақсаты құрылғанына ғасырға жуық уақыт толған ҚР Суретшілер одағының тарихи жолын шолу, сондай-ақ, Ақмола облысы суретшілерінің шығармашылығын көпшілік қауымға насихаттау болып табылды. Көрмеге осы одақтың мүшесі болып табылатын облыс суретшілерінің 30-дан астам жұмыстары қойылды.
Іс-шара барысында сөз алған Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қылқалам шеберлерін мерейтойларымен құттықтап, шығармашылық шалқар шабыт тіледі. Алғыс хаттармен марпаттады. Сондай-ақ өз кезегінде сөз алған ҚР Суретшілер одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Юрий Попов одақтың құрылуынан бүгінге дейінгі тарихынан сыр шертіп, әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады.
Әсерлі әңгіме тыңдап, биік талғамға сай картиналарды тамашалаған көпшілік қауым іс-шарадан көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.