Бүгін: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

2023 жылдың 22 қыркүйегі күні Әдебиет және өнер музейінде «Бурабай аңыздары» аймақтық суретшілер фестивалінің қорытынды көрмесінің ашылу болып өтті.

Фестиваль барысында қылқалам шеберлері заманауи өнердегі дәстүрлі бағыт саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, Бурабайдың сұлу табиғатын қылқаламның қуатымен жеткізу мүмкіндігіне ие болды.

Аймақтық фестивальға Астана қаласы, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарының суретшілері қатысты.

Көрменің ашылуында сөз алған Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова суретшілердің фестиваль барысындағы салған жұмыстарын жоғары бағалап, ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.

Әр өңірден келіп, көрікті Бурабайдың тұмса табиғатын кенепке түсірген суретшілердің талғамға сай туындыларын тамашалаған көпшілік іс-шарадан көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.