2023 жылдың 6 наурызында Әдебиет және өнер музейінде «Көктем шуағы» көрмесінің ашылуы болып өтті. Бұл іс-шара Халықаралық әйелдер күні мерекесін тойлау аясында ұйымдастырылған болатын.
Көрмеге Көкшетау қаласындағы балар көркемсурет мектебі нәзік жанды ұстаздарының еңбектері қойылды. Юлия Желобкова, Татьяна Соловьева, Наталья Булгакова, Ирина Максимова, Әйгерім Сердалі, Наталья Письмак, Оксана Яковлева, Ақмарал Сарсенбаева сынды ұстаздар бұл күнде жас буынға бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйретіп жүрген ұлағатты ұстаздар. Шәкірттері қазірдің өзінде алыс-жақын шетелдің жоғары оқу орындарында білім алып, ел болашағы үшін еңбек етуде.
Көрмеге жалпы саны отыз жұмыс қойылды. Түрлі техника, алуан тақырыпты қамтыған өнер туындылары көрермен қауымның көзайымына айналды.
Ашылу салтанатында сөз алған ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова жиылған көпшілікті, көрме авторларын мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Ақмола облыстық суретшілер одағының төрағасы, суретші, мүсінші Юрий Попов өнерге қамқорлық жасап келе жатқан Әдебиет және өнер музейі ұжымына алғыс білдірді. Публицист, педагог Әлия Ахетова мейрам құрметіне Олжас Сүлейменовтың «Мать» өлеңін оқып, көпшіліктің ризашылығына бөленді.
Іс-шара жоғары деңгейде, мазмұнды өтті.