Бүгін: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

2024 жылғы 15 наурызда Әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен «Ақ бата – асыл мұра» атты бата беру сайысы өтті. Бұл іс-шара Наурыз мейрамын тойлау аясында өткізілді.

Бата – қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Бата беруші адам –аузы дуалы, елгі сыйлы, өмірден көргені мен түйгені көп қариялар болған.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл іс-шараға қатысуға ниет білдірген Мұсатай Ғалым, Бекахмет Әміренов, Сәбит Жәмбек, Боқан Асқарұлы сынды батагөй ақсақалдар Ұлыстың ұлы күні Наурызда ел мен жерге бақ пен ырыс, береке мен татулық тіледі.

Қатысушыларға Ақмола облысы мәдениет басқармасы басшысының алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.