2024 жылдың 10 сәуірі күнi Әдебиет және өнер музейiнде көкшетаулық суретшi Виктор Кубриннiң «Все начинается с мечты» атты шығармашылық көрмесiнiң салтанатты ашылуы болып өттi. Көрмеге өнер иесi қаламынан туған тың туындылары қойылды. Суретшi қазақ даласының, Бурабай баурайының көрiктi жерлерiн шебер бейнелеп жеткiзе бiлген. Табиғат, жыл мезгілдері, қоршаған ортаның тыныс-тіршілігі В.Кубрин еңбектерінде барынша айқын көрінеді.
Көрменің ашылу рәсімін Көкшетау қаласы тарихы музейінің директоры Ботагөз Ғабдуллина құттықтау сөзбен ашты. Ботагөз Жәкенқызы суретшіні құттықтай келіп, өнер иесіне шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, қоғам қайраткері Ғалым Бекмағамбетов қаланың мәдени өміріне белсене атсалысып, осындай көрмені жоғары деңгейде ұймдастыра білген музей ұжымына алғыс білдіріп, суретшіні жеке көрмесінің ашылуымен құттықтады. Балалар көркемсурет мектебінің ұжымы және «Палитра Синегорья» бірлестігінің жетекшісі Елена Андроняк авторға шығармашылық табыс тіледі.
Ашылу салтанатының соңында автор В.Кубрин көрменiң өтуіне ұйытқы болған музей ұжымына ризашылық сезімін білдірді.