18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Осы мерекені лайықты атап өту мақсатында Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейі «Қолөнершілер шаһары» атауымен музей түні акциясын ұйымдастырды. Іс-шарада мүсінші, суретші Манарбек Бұрмағановтың жеке көрмесі ашылып, ұсталар мен шеберлер қолдарынан шыққан өнімдерін, «Палитра Синегорья» ҚБ мүшелері тоқыма бұйымдарын қала тұрғындарының назарына ұсынды. Суретші Виктор Кубрин «Искусство объединяет» жобасының тұсауын кесті. Ш.Уәлиханов университетінің Қ.Насыров жетекшілік ететін «Жауқазын» театры жастары өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ризашылығына бөленді. «Гормолзавод» кәсіпорны келген қонақтарға балмұздақ өнімдерінен тарту жасады.