Бүгін: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

Маусым айының үшінші жексенбісі – «Әкелер күні» болып белгіленген. Мерекелік күндердің тізбесіне «Әкелер күні» мерекесін енгізу –Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Осы күнді мерекелеу аясында, 2024 жылдың 13 маусымы күні Әдебиет және өнер музейінде филолог-ғалым, әдебиет сыншысы, Ш.Уәлиханов университетінің оқытушысы Аян Қажыбаймен «Әке – асқар тау» атты кездесу болып өтті.

Аян Төлегенұлы өзінің балалық шағы, әкесі, қаламгер Төлеген Қажыбай жайлы әсерлі естеліктер айтты. Әкенің отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі рөлі, адам боп қалыптасу барсыныдағы ықпалы жайлы әсерлі әңгімесі кездесуге жиналған көпшілікті тәнті етті. Өзі де әке болып, бала тәрбиелеп отырған, шәкірттерге тәлім беріп жүрген Аян Төлегенұлы кеш соңында әкесінің шығармаларынан үзінді оқып, кездесуге себепкер болған музей ұжымына алғыс білдірді.