Бүгін: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

2024 жылдың 8 тамызы күні Әдебиет және өнер музейінде Мемлекеттік кірістер органдарының 10 жылдық меретойына арналған «Мемлекеттік кірістер органдары объективте» атты фотокөрменің ашылуы болып өтті.  Іс-шара мақсаты мемлекеттік кірістер органдары қызметкерінің оң имиджін қалыптастыру және насихаттау, мемлекеттік кірістер қызметкерлерін мысалға ала отырып, жастарды ерінбей еңбек етуге шақыру болып табылды.     Көрмеге Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің осы салада атқарып жатқан жұмыстарынан көрініс беретін әр тақырыптағы 30-ға тарта фотосуреттер қойылды.

         Көрменің беташар сөзін Әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралы сөйледі. Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры, дәстүрлі әнші Кенжебай Мұқышев ән салып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Өз кезегінде сөз алған Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер Теңбай Ыбыраев ел үшін еңбек етіп жүрген жастарға батасын берді. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары Бауыржан Шәйкенов көрменің ашылуына келген көпшілікке алғысын айтып, Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді. "Көкшетау" әнін орындаған Айлана Серікбайдың өнері де көпшілікті тәнті етті.

         Әр жылдарда түсірілген еңбек адамдарының естелік фотоларын көріп, әсерлі әңгіме мен әуезді ән тыңдаған көпшілік қауым іс-шарадан көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.