Бүгін: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

         2024 жылдың 28 тамызы күні Әдебиет және өнер музейінде «Гранат» шығармашылық студиясы оқушыларының 2023-2024 оқу жылының қорытындысына арналған шығармашылық көрмесінің ашылу болып өтті. Көрмеге студиясы оқушыларының 30-ға тарта жұмыстары қойылды.

         Көрменің беташар сөзін Әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралы сөйлеп, студия жұмысына жетістіктер, жас суретшілерге жарқын болашақ тіледі. Осыдан кейін талантты жас әнші  Виктория Мишура тамылжытып ән шырқады. Жас әншінің өнеріне риза болған көпшілік қауым, зор қошамет білдірді. Өз кезегінде сөз алған Көкшетау қаласының тарихы музейінің директоры Ботагөз Жәкенқызы, шығармашылық студияның жетекшісі Анар Саттыбаева көрмеге келушілерге ризашылықтарын білдіріп, жас суретшілерге сәттілік тіледі. Анар Талапқызы оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады. Ата-аналар атынан сөз алған Ольга Туарминская студия жеткшісіне, музей ұжымына ризашылығын білдірді.

         Балалардың қиялынан туындаған көз тоймас суреттерді тамашалап, әуезді ән тыңдаған көпшілік қауым көрменің ашылуынан көткеріңкі көңіл күймен тарқасты.