Бүгін: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

2024 жылдың 26 қыркүйегінде, Әдебиет және өнер музейінде жергілікті суретшілердің шығармашылығын насихаттау мақсатында суретші Елена Омельченконың «Осенний вернисаж» атты жеке көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрмеге қылқалам шеберінің соңғы жылдары салынған еңбектері қойылды.

Е.Омельченконың шығармаларында  табиғат, гүлдестелер, қала пейзажы шебер бейнеленген. Түрлі бояулар арқылы табиғат мезгілі мен мінезін, адамдардың көңіл-күйін, қаланың тыныс-тіршілігін көрсетуді мақсат еткен. Көрмені тамашалауға келеген көпшілік өнер иесінің осы қырларын ерекше атап өтті.

Көрменің ашылу рәсімінде сөз алған суретші, мүсінші Ю.Попов суретшілердің шығармашылығын насихаттауда Әдебиет және өнер музейінің істеп жатқан жұмыстарына ризашылық білдіріп, музей ұжымына алғыс айта келе, көрме авторына шығармашылық табыс тіледі.

Кеш соңында сөз сөйлеген автор көрермендерге, музей қызметкерлеріне өнерін паш етуге мүмкіндік  тудырғанына шексіз алғыс білдірді.