2024 жылдың 5 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінде А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті "Дизайн және мәдени демалыс жұмыстары" кафедрасы студенттерінің Свет и тень творчества" атты көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрмеге бейнелеу өнері туындылары, қолөнер бұйымдары, сәулет-құрылыс жобалары, ландшафт дизайны жұмыстары қойылды.
Көрменің ашылу рәсімінде сөз алған А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің бірінші проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Лязат Каримова студент жастардың шығармашылығын насихаттауға мүмкіндік жасаған музей басшылығына алғыс білдірді. "Дизайн және мәдени демалыс жұмыстары" кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Мұғжанова алдағы уақытта да университет ұжымы музеймен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істейтінін жеткізді.
Іс-шара өнерлі студенттердің ән-күйімен жалғасып, көрермен қауымның ризашылығына бөленді. Жасампаз жастардың шығармашылығы талғампаз көрерменнің мәдеени өміріндегі елеулі оқиға болды деп сеніммен айта аламыз.