Бүгін: 14.12.2024
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

2024 жылдың 11 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист, жазушы, ақын Майра Қуанышқызы Кенжебекованың "Ақ дүние - ертегі" атты шығармашылық кеші өткізілді.

Іс-шараның жалпы мақсаты, ақын, жазушы Майра Қуанышқызымен жоғары деңгейдегі кездесу өткізу, қаламгердің рухани мұрасына ғылыми тұрғыда зерттеу жасау, талдау, шығармашылығы мен өмір жолын көпшілікке насихаттау болып табылады.

Рухани кеште Әдебиет және өнер мұражайының директоры Нұрбек Нұралы сөз сөйлеп, Майра Қуанышқызына Ақмола облысы Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың атынан құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстады. Сондай-ақ, белгілі әншілер ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Жанат Есов пен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облысы филармониясының әншісі Сәрсенбай Хасенов әуезді әндерімен кештің көркін арттырып, көрерменннің көңілдерін серпілітті. Оған қоса, кештің музыкалық композициясын Шахмет Құсайынов атындағы драма театрының белгілі актрисасы, Мәдениет саласының үздігі Маржан Букешованың шәкірттері, Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжінің студенттері кеш иесінің өлеңдерінен құралған моно спектакльді ұсынып, көптің ықыласына бөленді. Кеш барысында Майра Қуанышқызы өзіде жүрек жарды өлеңдерін оқып, ақындық жолдағы өткен өмірінен сыр шертіп әңгіме өрбітті. Жиынның қорытынды бөлігінде ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Манарбек Қыдырбайұлы әріптесін құттықтап, кештің жақсы өткенін тілге тиек ете келе, сөз соңын өзінің Көкше өңірін суреттеген туындысымен аяқтады.